Center Image
IHSAN.KZ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНДЕ «БІР КҮНДЕ БІР МҰҚТАЖҒА КӨМЕК» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНДЕ «БІР КҮНДЕ БІР МҰҚТАЖҒА КӨМЕК» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «Бір күнде бір мұқтажға көмек» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пакеттері үлестіріліп, олардың тұрмыстық қажеттіліктеріне қолдау көрсетілді. Мешіт ұжымы мен еріктілер акцияға қатысып, жамағатқа қайырымдылық жасау арқылы қоғамдағы мейірімділік пен қамқорлықты насихаттау мақсатын алға қойды.

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті алдағы уақытта да мұқтаж жандарға қолдау көрсету және қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz