ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде «Қайырымдылық жаршылары» еріктілерінің өңірлік семинары өтті.
Семинарға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, Қарағанды облысының бас имамы Естай қажы Айтуғанұлы және өңірдің ерікті азаматтары мен қайырымдылық бағытына жауапты мамандар қатысты.
Жиын барысында қор директоры Ислам дінінідегі қайырымдылық жасаудың мән-мағынасы мен өзіндік ерекшеліктері туралы сөз қозғап, жастарды қоғамға пайдалы болуға шақырды.
Сонымен қатар, «Зекет және қайырымдылық» қорының атқарып жатқан іс-шаралары, жаңаша бастамаларын баяндап, қазіргі таңда қолға алынып, жемісті қызмет атқарып келе жатқан бірқатар шаралар туралы мәлімет берді.
Сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қорының өзге де жобалары туралы түсіндіріп, оларды жүйелі түрде жүзеге асыру жолдарын баяндады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша басасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы