Қарағанды қаласындағы №2 емханада екпеге дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің наиб имамы Жаңабай Мақсат Қошқарбекұлы және Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің наиб имамы Жақыпов Бақытжан Жораханұлы қатысып, екпенің маңыздылығы жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Жиында екпенің адам денсаулығын қорғаудағы маңызы, қоғамдағы алдын алу шаралары және діни тұрғыдағы ұстанымдар кеңінен талқыланды.
Имамдар адам өмірі мен денсаулығын сақтау – Исламдағы маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өтті.
Кездесу барысында мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасу өтті. Дөңгелек үстел қоғам игілігі үшін бірлескен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын көрсетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы