ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы Осакаровка аудандық мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.
«Зекет пен Садақа берудің пайдасы мен берекеті» тақырыбында уағыз айтқан наиб имам: «⠀Асыл дінімізде зекет пен садақа – қоғамдағы әділет пен мейірімді нығайтатын ұлы құлшылықтар. Бұл амалдар тек материалдық көмек көрсетумен шектелмейді, пенденің жүрегін тазартып, мал-мүлкіне береке дарытатын, қоғамға игілік келтіретін рухани тетік»,- деді.
Наиб имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
⠀
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы