Center Image
IHSAN.KZ
«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

⠀ ҚМДБ  «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба»  мешітінде  «Бір күнде бір мұқтажға көмек» қайырымдылық акциясы өтіп, жеткіншектерге киім-кешек тарту етілді.
 
Игі шара барысында қордың Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Асылхан Рахымжанұлы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасындағы екі бірдей бүлдіршінге көмек ретінде қысқы киім-кешек  табыстады.

Сондай ақ, жеткіншектерге өзінің жылы лебізін білдіріп, алдағы уақытта қор тарапынан әлеуметтік қолдау жалғасып тұратынын тілге тиет етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz