Center Image
IHSAN.KZ
ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЗИЯНЫ МЕН ЗАРДАБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЗИЯНЫ МЕН ЗАРДАБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы агротехникалық колледждің студенттерімен кездесіп, жат ағымның зияны мен зардабы жайлы насихат айтты.

Кездесу барысында имам жастарға дәстүрлі дініміздің құндылықтарын түсіндіріп, теріс діни ағымдардың қоғамға, отбасыға және жеке тұлғаға тигізер кері әсерін нақты мысалдармен баяндады. Сондай-ақ, дұрыс діни білім алудың маңыздылығына тоқталып, күмәнді ақпарат көздерінен сақ болуға шақырды.

Жиын соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz