Center Image
IHSAN.KZ
«Жақсылық жарысы – сауапты істер эстафетасы» ұйымдастырылды
«Жақсылық жарысы – сауапты істер эстафетасы» ұйымдастырылды
Қарағанды облысы, Теміртау қаласының бас имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен ұлттық дәстүрге сай «Жақсылық жарысы – сауапты істер эстафетасы» форматында игі акция ұйымдастырылды.

Ата-бабамыздан жалғасқан асыл дәстүр – бір-біріне қол ұшын созу, қайырымдылық жасау, мұқтажға жәрдем беру – бүгінгі күні де өз жалғасын табуда. Аталған акцияның басты мақсаты – жамағат арасында ізгілік пен мейірімділікті арттыру, сауапты істерді көбейту және жақсылықты жарыса жасау мәдениетін қалыптастыру.

Эстафета аясында әрбір қатысушы белгілі бір игі істі атқарып, келесі адамға жақсылық жасауға үндеу жолдайды. Осылайша сауапты амалдар тізбегі жалғасып, қоғамда ізгілік шеңбері кеңейе түседі.

Жақсылық жасау – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Ендеше, игі істерде жарысайық, сауапты амалдарда белсенді болайық!

Алла Тағала жасаған әрбір жақсылығымызды қабыл етсін!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz