Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ «ҚҰРАН ОҚЫП ҮЙРЕНЕЙІК» КУРСЫ ӨТУДЕ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ «ҚҰРАН ОҚЫП ҮЙРЕНЕЙІК» КУРСЫ ӨТУДЕ

Абай аудандық мешітінің наиб имамы Жардыбай Ережеп күнделікті таң намазынан кейін мешіт жамағатына «Құран оқып үйренейік» курсы бойынша дәріс беруде.

Сабақ барысында жамағатқа Құран аяттарын дұрыс оқу ережелері, тәджуид қағидалары және оқу барысында жиі кездесетін қателіктер түсіндірілуде. Қатысушылар теориялық біліммен қатар тәжірибелік түрде де жаттығып, Құранды сауатты оқуға машықтануда.

Бұл курс жамағаттың діни сауатын арттыруға және Құранға деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz