Center Image
IHSAN.KZ
ҮШТӨБЕДЕ РАМАЗАНҒА ОРАЙ СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
ҮШТӨБЕДЕ РАМАЗАНҒА ОРАЙ СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Үштөбе ауылдық Қажыбай қажы мешітінде білім алушы балалар арасында қасиетті Рамазан айының құрметіне орай сурет салу шарасы ұйымдастырылып, қатысушыларға «Рамазан сыйы» табысталды.

Рамазан – рухани тазару, сабыр мен мейірім айы. Балалардың осы айға байланысты сурет салуы – тек шығармашылық жұмыс қана емес, терең тәрбиелік мәні бар іс-шара болды. Сурет арқылы бала жүрекпен сезінуді, ойлануды және жақсы қасиеттерді бойына сіңіруді үйренеді.

Сурет салу баланың қиялын дамытып, түстерді сезінуін және ойын бейнелеу қабілетін арттырады. Рамазан тақырыбының мағынасы терең болғандықтан, балалар өз туындылары арқылы айдың рухани мәнін жеткізуге тырысты.

Шара соңында сурет салуға қатысқан барлық балаларға арнайы «Рамазан сыйы» үлестіріліп, олардың белсенділігі мен шығармашылығы жоғары бағаланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz