Қарағандыда қасиетті Рамазан айының
құрметіне сауда орындарында Жарапазан айту дәстүрі жалғасын тапты.
Дәстүрлі шара ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы
Тағанұлы Хазіреттің
тапсырмасына орай және Қарағанды облысының бас имамы Естай қажы Айтуғанұлының қолдауымен ұйымдастырылды.
Қарағанды
облыстық «Әнет баба» мешітінің және қала мешіттерінің имамдары «Алтын Арба» базары мен
«Таир» сауда үйлерінде жарапазан айтып, жұртшылыққа Рамазанның берекесін
насихаттады. Бұл іс-шараға жергілікті өнерпаздар да атсалысып, ұлттық нақышта
жыр орындады.
Жарапазан
– Рамазан айының келгенін сүйіншілеп, халықты сауапты амалдарға шақыратын көне
дәстүр.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша
баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы