Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы өтті.
Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж және көпбалалы, жалғызбасты аналарға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Игі шарада мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы көмек алушыларға өзінің жылы лебізін білдіріп, қасиетті айдың берекесі мен шапағатын тіледі.
Айта кетейік, қайырымдылық акциясы Қарағанды қаласындағы «Changan» автокөлік тобы мүшелерінің демеушілігімен жүзеге асты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы