Center Image
IHSAN.KZ
ҰЖЫМДЫҚ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ
ҰЖЫМДЫҚ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» Қарағанды облысы бойынша өкілдігі мен «Дәстүр және отбасы» бағытының бірлесіп ұйымдастыруымен мешіт ұжымына және көп балалы отбасыларға арнайы ауызашар дастарханы жайылды.

Рухани кеш барысында отбасы құндылықтары мен ұлттық дәстүрдің маңызы кеңінен насихатталып, қатысушыларға тағылымды уағыз айтылды. 

Жиын аясында дін мен дәстүр сабақтастығына арналған сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, белсенділік танытқан жандарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Игі шара демеуші азаматтардың қолдауымен жүзеге асты.

Шара соңында ата-баба рухына Құран бағышталып, ел мен жердің тыныштығы, жұрттың амандығы үшін дұға жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz