Қарағанды облысы, Саран қаласындағы Саран қалалық мешітінде қасиетті Рамазан айының келуіне орай жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды. Игі шараны Саран қаласының әкімі Бұлқайыр Дарын Бейбітұлы ұйымдастырды.
Ауызашарға қала тұрғындары, ақсақалдар, жастар және мешіт жамағаты қатысты. Шара барысында ізгі тілектер айтылып, Рамазан айының берекесі мен маңызы туралы насихат сөздер сөйленді. Қала әкімі өз сөзінде қасиетті айдың татулық пен бірлікті нығайтудағы ерекше рөлін атап өтіп, барша жамағатқа амандық, береке тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы