Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНДА ЕРІКТІ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНДА ЕРІКТІ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлының ұйымдастыруымен мешіттің ерікті, белсенді жастарына арналып ауызашар дастарханы жайылды.

Шара барысында мешіт имамы дастарқан басында уағыз-насихат айтып, жастармен еркін форматта сұрақ-жауап өткізді. Кездесуде Рамазан айының қадір-қасиеті, еріктіліктің маңызы және қоғамға қызмет етудің сауабы туралы тағылымды ойлар айтылды.

Жастар рухани кештен ерекше әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz