Қарағанды қалалық “Қазыбек би” мешіті «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбы аясында тарихи тұлға – «Соқыр Жалаңтөс батыр» атындағы зират басында қар тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ата-баба рухына құрмет көрсетіп, тарихи мұраларға жанашырлық танытудың жарқын көрінісі болған шараға «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы мұрындық болды.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен рухани жауапкершілікті қалыптастырып, өткенге деген құрметті арттыра түседі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы