Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені Әлихан Бөкейхан ауданына жеткізіліп, шара аясында «Төлеутай ата» мешітінде әлеуметтік көмекке мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
«Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы игі шараның мән-маңызын түсіндіріп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырған «Әл Машани» мешітінің ұжымына алғысын білдірді.
Сондай-ақ жиналған жамағатқа Рамазан айының берекесі мен қайырымдылықтың маңызы туралы насихат айтып, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін табыстады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы