Center Image
IHSAN.KZ
«Төле би» мешітінде жастарға ауызашар ұйымдастырылды
«Төле би» мешітінде жастарға ауызашар ұйымдастырылды

Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің имамы Жумагулов Рашид Орысбайұлының ұйымдастыруымен жастарға арналған ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. 

Ауызашарға жиналған жастар қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті туралы насихат тыңдап, ауызбіршілік пен сыйластықтың маңызын сезінді. Шара барысында имам жастарға ізгілік, сабыр және имандылық жайында уағыз айтып, қоғамда белсенді әрі тәрбиелі болуға шақырды.

Мұндай рухани кездесулер жастардың мешітпен байланысын нығайтып, олардың діни танымын арттыруға бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz