Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы мешіт жамағатына уақып жасау мен оның сауаптары жайлы насихат айтты.
Кездесу барысында имам уақыптың қоғамдағы орны мен оның қадір-қасиетін түсіндіріп, мұсылман өміріндегі игі амалдар мен қайырымдылықтың маңыздылығына тоқталды.
Жастарға уақып жасау арқылы басқа адамдарға пайда тигізу, сауапқа кенелу және қоғамға үлес қосу сияқты іс-әрекеттердің сауапты амал екені баяндалды.
Шара барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, уақып жасауға қатысты нақты мысалдар мен тәжірибелік кеңестер алды. Мұндай рухани кездесулер жастардың діни танымын арттырып, ізгілік пен қайырымдылыққа деген ынтасын күшейтуді мақсат етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы