Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен қолға алынған «Бір күнде – бір мұқтажға көмек» қайырымдылық акциясы жалғасын табуда.
Аталған игі бастама аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Бұл жолы тұрмысы төмен бір отбасыға 30 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.
Акцияның негізгі мақсаты – қоғамдағы мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық пен жанашырлық мәдениетін қалыптастыру.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай игі шараларды тұрақты түрде жалғастырып, мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы