Center Image
IHSAN.KZ
Балқашта «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы өтті
Балқашта «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы өтті

Балқаш қалалық мешіті қасиетті Рамазан айының құрметіне «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акция аясында қаладағы қараусыз қалған жандар мен әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығындағы жандарға  азық-түлік себеттерін үлестірді.

Шара барысында мешіт ұжымы тұрғындарға жылы лебізін білдіріп, қасиетті айдың мейірімі мен берекесін бөлісті. 

Бұл бастама қоғамдағы әлсіз топтарға қолдау көрсетіп, Рамазанның рухани мәнін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz