Қарағанды қалалық Әл-Ғаффар мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызының бастамасымен әйел-қыздар жамағаты ауызашарға ас таратып, сауапты іске үлес қосты.
Рамазан айы – мейірім мен қайырымдылық айы. Алла Тағала баршамыздың ниеттерін қабыл етіп, бір-бірімізге жақсылық жасауға мүмкіндік берсін. Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:
«Кім ораза ұстаған адамға ауыз аштырса, оған да сол ораза ұстағанның сауабындай сауап жазылады.»
Мешіт ұжымы мен жамағат осындай игі істерді көбейтуді мақсат етіп, қасиетті айдың берекесін бөлісті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы