ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызының бастамасымен «Ханифа» қыздар даму клубы қасиетті Рамазан айындағы игі амал ретінде «Мейірім жәшігін» дайындап, қайырымдылық жасады.
Жәшіктер түрлі азық-түліктер мен тұрмыстық қажеттіліктерге толтырылып, мұқтаж жан-желектеғі отбасыларға үлестірілді. Қатысушылар өз қолдарымен дайындалған жәшіктерді жеткізіп, адамдардың қуанышына ортақ болды.
Шара барысында жастарға игі амал жасау, кішкентай болса да сауапты іске үлес қосу, мұқтаждарға қол ұшын беру сияқты құндылықтар түсіндірілді. Бұл бастама қасиетті Рамазан айының мейірімі мен берекесін насихаттап, қоғамдағы қайырымдылық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Мешіт ұжымы мен клуб мүшелері бұл іс-шара арқылы жамағатқа үлгі көрсетіп, жастардың рухани тәрбиесіне үлес қосты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы