Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына «Қадір түніндегі әйел адамның ғибадаты» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Кездесу барысында жамағатқа Қадір түнінің қадір-қасиеті, бұл түнде жасалатын ғибадаттардың сауабы, сондай-ақ әйел адамның құлшылықтағы орны мен амалдары туралы тағылымды насихат айтылды.
Шара барысында жамағатқа дастархан жайылып, қатысушылар қасиетті Қадір түнінің рухани мәні жайында пайдалы мағлұмат алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы