Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан - Құран айы» атты Құран жарысы өтті.
Аталған сайысқа мешіт шәкірттері қатысып, Қасиетті Құранның 30-парасын жатқа оқудан өзара бақ сынады. Шараның басты мақсаты – жас буынды Рамазан айында Құран оқуға баулу, олардың діни білімін арттырып, Құранға деген сүйіспеншілігін нығайту.
Жарыс барысында қатысушылардың оқу мәнері, тәжуид ережелерін сақтау деңгейі мен жаттау шеберлігі әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды. Сайыс тартысты өтіп, шәкірттер өздерінің дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушылар мұндай рухани шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы