Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті қарттар үйіндегі қарияларға құрма мен су таратты
«Төлеутай ата» мешіті қарттар үйіндегі қарияларға құрма мен су таратты

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай мешіт ұжымы қарттар үйіне барып, ондағы қарияларға құрмет көрсетіп, құрма мен су таратты. 

Игі шараның басты мақсаты – үлкендерге ізет білдіріп, Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа толы рухын насихаттау.

Шара барысында қарияларға жылы лебіздер айтылып, олардың хал-жағдайы сұралды.

Қарттар үйіндегі тұрғындар көрсетілген қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, мешіт жамағатына ақ баталарын берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz