Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы аясында 50 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Игі шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, Рамазан айының мейірім мен жанашырлыққа толы құндылықтарын насихаттау.
Қайырымдылық шарасы барысында жамағат бір-біріне қамқорлық танытып, қасиетті айдың берекесін бірге бөлісті. Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы