Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешіті ауласында жамағатқа 100 келілік «Рамазан тәттісі» таратылды
«Әнет баба» мешіті ауласында жамағатқа 100 келілік «Рамазан тәттісі» таратылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ Халал Даму мекемесінің куәлігімен сертификатталған «Zakira tattileri» кондитерлік өнімдері мен «Sauap» шәйханасы бірлесе отырып, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ауласында ай бейнесіндегі салмағы 100 кг болатын рамазан тәттісін жамағатқа тегін үлестірілді.

Игі іске Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызы арнайы қатысып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Шара барысында мешіт жамағаты Рамазан айының берекесі мен мейірімін сезініп, бірлік пен ізгілікке толы сәтке куә болды. 




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz