Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарқаралы қаласында «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 80 отбасыға азық-түлік қоржындары үлестірілді.
Шара аясында жалпы 80 отбасыға көмек көрсетіліп, оның 50 қоржыны Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің атынан келген қайырымдылық қеруенінен көрсетілген көмек түрі болса, қалған 30 қоржыны Қарқаралы қаласы мешіттерінің атынан таратылды.
Шара барысында жиналған жамағатқа шараның мән-маңызы түсіндіріліп, қайырымдылық керуенін ұйымдастырған «Әл Машани» мешітінің ұжымына және жергілікті дін жанашырларына алғыс айтылды.
Сондай-ақ, Рамазан айының рухани құндылықтары, сауапты істердің мәні және мұқтаж жандарға қол ұшын берудің қадірі жайында насихат жүргізілді.
Шара соңында мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоржындары табысталып, қатысушылар игі іске атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы