Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысының Саран қаласында жастарға арналған игі шара өтті. Саран қалалық мешіті қабырғасында студенттерге арнайы ауызашар дастарханы жайылып, ораза ұстаған жастарға ауызашар берілді.
Шараның басты мақсаты – білім алып жүрген жастарға қолдау көрсету, олардың арасында бірлік пен бауырмалдықты нығайту, сондай-ақ Рамазан айының рухани құндылықтарын насихаттау. Ауызашарға жиналған студенттер мешіт ұжымының ыстық ықыласына бөленіп, қасиетті айдың берекесін бірге сезінді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы