Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысының Саран қаласында қайырымдылыққа негізделген игі шара ұйымдастырылды. Саран қалалық мешіті ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Аталған шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету. Қайырымдылық акциясы аясында қаладағы бірқатар отбасыларға азық-түлік себеттері мен қажетті тұрмыстық заттар табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Рамазан айы – мейірімділік пен жанашырлықтың, қайырымдылық пен ізгі амалдардың айы. Осындай игі бастамалар арқылы қоғамда бірлік пен бауырмалдық нығайып, адамдар бір-біріне қолдау көрсетеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы