Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиевтің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Игі шара аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж сегіз отбасыға азық-түлік үлестіріліп, оларға Рамазан айының құрметіне қолдау көрсетілді. Қайырымдылық акциясының мақсаты – мұқтаж жандарға көмек беру, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Шара барысында мешіт жамағаты мұқтаж отбасыларға ізгі тілектерін білдіріп, қасиетті Рамазан айында жасалған сауапты істердің маңызы туралы айтылды. Мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы