Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысының Саран қаласында игі бастама қолға алынды. Саран қалалық мешіті жанынан «Бір күнде бір отбасыға көмек» атты қайырымдылық акциясы бастау алды.
Аталған акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету. Игі шара аясында күн сайын бір отбасыға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттардан құралған көмек пакеттері табысталуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы