Қарағанды қаласы “Төле би” мешітінің имамы Жумагулов Рашид Орысбайұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында “Рамазан сыйы” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, азық-түлік себеттері таратылды. Игі шара мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету.
Шара барысында көмекке мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік қоржыны табысталды.
Бұл бастама қасиетті айдағы мейірім мен қайырымдылықты насихаттауға бағытталған маңызды іс-шара болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы