Teміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы бастамасымен кішкентай бүлдіршіндерге арналған қуанышты шара ұйымдастырылды.
Шара барысында балаларға Рамазан тәттілері мен түрлі ойыншықтар тарту етіліп, олардың жүздеріне шаттық пен қуаныш сыйланды.
Балалар – қоғамның болашағы. Олардың жүрегіне мейірім мен жақсылықтың дәнін себу, қуаныш сыйлау – баршамызға ортақ ізгі іс. Осындай қайырымды бастама арқылы бүлдіршіндердің көңілі көтеріліп, Рамазан айының берекесі мен жылуы сезілді.
Жақсылық жасау – жүректің ісі. Алла Тағала жасаған әрбір игі амалдарымызды қабыл етіп, берекесін нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы