Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Түменбай Қарағанды қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінде өрт сөндірушілермен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында қоғамда, әсіресе жастар арасында белең алып отырған жат діни ағымдардың алдын алу тақырыбында насихат айтылып, олардың қауіптілігі түсіндірілді. Наиб имам дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңызына тоқталып, дін атын жамылған түрлі теріс идеологиялардан сақ болу керектігін жеткізді.
Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, дін мен қоғам тұрақтылығы мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар пайдалы мағлұматтар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы