Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Ахметжанұлы Нұрлан марқұмның атынан «Мүфтият» баспасынан шыққан діни кітаптар уақып етілді.
Жүз мың теңгеге алынған басылымдарға марқұмның аты-жөні жазылып, «Қазыбек би» мешітінің кітап сөресіне қойылды. Енді бұл кітаптар мешітке келген жамағаттың игілігіне ұсынылып, оқырмандардың пайдалануына берілетін болады.
Шара барысында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы уақыптың маңызы мен мақсаты туралы мешітке жиналған жамағатқа насихат айтып, бұл игі істі өзгелерге үлгі ретінде көрсетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы