Әл Ғаффар мешіті әйел қыздар жамағаты оқырман ханымдар клубы «Рамазан – рухани тәрбие мектебі» кітабы бойынша қорытынды отырыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – кітаптың мазмұнын талқылап, Рамазан айының рухани маңызы туралы ой бөлісу болды.
Отырыс барысында қатысушылар кітапта айтылған негізгі ойларға тоқталып, Рамазан айының адам өміріндегі орны туралы пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, оразаның адамды сабырлыққа, мейірімділікке және жауапкершілікке тәрбиелейтіні айтылды.
Қатысушылар кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, Рамазан айында жасалатын игі амалдардың маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулердің адамдардың рухани дамуына және жақсы қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ететіні де айтылды.
Қорытындылай келе, «Рамазан – рухани тәрбие мектебі» кітабы бойынша өткен бұл қорытынды отырыс қатысушыларға үлкен ой салып, рухани құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы