Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданында жолда қалған жолаушыларға ауызашар мен сәресі берілді
Шет ауданында жолда қалған жолаушыларға ауызашар мен сәресі берілді

Қарағанды облысы, Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде күннің бораны мен аязынан жолда қалған жолаушыларға ыстық ас ұсынылып, ауызашар берілді. Сонымен қатар жолаушыларға сәресі де ұйымдастырылып, қамқорлық көрсетілді.

Игі шара аудан имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асып, қиын жағдайда қалған жандарға қолдау көрсетілді. Жолаушылар мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, мұндай қайырымдылықтың сауапты іс екенін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz