Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық пен мейірімділік істері жандана түсетіні белгілі. Осы орайда Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы қала тұрғындарына «Сауапты істер эстафетасын» жолдады.
Имам «Жақсылықта жарысайық» атты ұранмен барша тұрғындарды Рамазан айының соңғы он күндігін ізгі амалдармен өткізуге шақырды. Бұл бастама – мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қоғамда бауырмалдық пен жанашырлықты арттыруды мақсат етеді.
Аталған эстафетаны қала тұрғындары да қолдап, мешітте арнайы қойылған қайырымдылық қораптарына азық-түлік салып, игі іске өз үлестерін қосып жатыр. Жиналған азық-түліктер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылатын болады.
Осындай қайырымдылық шаралары Рамазан айының рухани мәнін тереңдетіп, адамдарды бірлікке, мейірім мен қамқорлыққа үндейтіні сөзсіз. «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен қолға алынған бұл эстафета алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы