Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешіті әйел қыздар жамағатына «Рамазан – кешірім айы» тақырыбында рухани ауызашар өтті
«Әл-Ғаффар» мешіті әйел қыздар жамағатына «Рамазан – кешірім айы» тақырыбында рухани ауызашар өтті
Қасиетті Рамазан айында «Рамазан – кешірім айы» тақырыбында уағыз-насихат айтылып, рухани ауызашар кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Рамазан айының рухани мәнін түсіндіру, адамдарды бірлікке, мейірімділікке және кешірімді болуға шақыру болды.

Кеш барысында ұстаз Бақыт Амантайқызы Рамазан айының қадір-қасиеті туралы айтып, бұл айдың адамдарды сабырлыққа, төзімділікке және жақсылық жасауға тәрбиелейтінін атап өтті. Сонымен қатар, кешірімді болу, бір-біріне қамқорлық көрсету, мұқтаж жандарға көмек беру секілді ізгі амалдардың маңызы кеңінен насихатталды.

Рухани ауызашар барысында жиналған қауым бірге ауыз ашып, ел тыныштығы мен халықтың амандығы үшін дұға жасады. Мұндай басқосулар адамдардың бірлігін нығайтып, қоғамдағы татулық пен сыйластықтың артуына ықпал ететіні айтылды.

Қорыта айтқанда, «Рамазан – кешірім айы» тақырыбында өткен бұл рухани ауызашар кеші қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, Рамазан айының терең рухани маңызын тағы бір мәрте ұғынуға мүмкіндік берді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz