Center Image
IHSAN.KZ
Дін өкілдері мен мамандар адал қоғам құндылықтарын талқылады
Дін өкілдері мен мамандар адал қоғам құндылықтарын талқылады

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Түменбай қаладағы «Мирас» клиникасында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Келелі кездесуге түрлі дін өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен медицина саласының мамандары қатысып, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, адамгершілік пен адалдық қағидаларын дәріптеу мәселелері талқыланды.

Жиын барысында наиб имам Дархан Түменбай Ислам дінінің қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтаудағы рөліне тоқталып, адалдық, жауапкершілік және өзара құрмет секілді құндылықтардың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, қоғамда түрлі жат ағымдардың алдын алу, жастарға дұрыс діни түсінік беру бағытында бірлесе жұмыс жүргізудің қажеттілігі айтылды.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар қоғам игілігі жолында бірлескен жұмыстарды жалғастыруға ниет білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz