Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Топар кентінде игі шара ұйымдастырылды. ГРЭС мекемесінің Бас энергия тарату станциясының басшысы Темірлан Исатайұлы Өтегеновтың ұйымдастыруымен ауыз бекіткен жұмыскерлерге, ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағатына ауызашар дастарханы жайылды.
Рухани кешке Абай ауданының бас имамы Асхат Қанайұлы арнайы қатысып, жамағатқа қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті мен оразаның маңызы туралы насихат айтты.
Ауызашар дастарханына сондай-ақ жергілікті әкімдік өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары және ауыл тұрғындары қатысып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Жиын барысында жамағат бір дастарқан басында бас қосып, Рамазан айының берекесі мен сауапты істердің маңыздылығы жайында тағылымды әңгімелер айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы