Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешіті жамағаты жарапазан жырын айтты
«Қазыбек би» мешіті жамағаты жарапазан жырын айтты

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай мешіт жамағаты  ұлттық дәстүріміздің бір көрінісі саналатын жарапазан жырын айтып, Рамазан айының рухани мәнін насихаттады. 

Шара барысында жамағат бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, қасиетті айдың қадір-қасиеті жайында әңгіме өрбіді.

Жарапазан айту – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр арқылы жұртшылық Рамазан айының келгенін қуанышпен қарсы алып, береке мен бірлікті дәріптеген.

Мешіт жамағаты осындай рухани әрі ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz