Абай аудандық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жастарға арналған ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастар арасында қызықты әрі танымдық логикалық сұрақтар қойылып, белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Кешке жиналған жастар бір-бірімен пікір алмасып, рухани әңгімелер тыңдап, пайдалы уақыт өткізді.
Шараның басты мақсаты – жастардың бірлігін нығайтып, оларды рухани құндылықтарға баулу, сондай-ақ қасиетті Рамазан айының мән-маңызын түсіндіру болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы