Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «Әсем» балалар үйіндегі бүлдіршіндерге «Рамазан тәттілері» үлестірілді.
Шара барысында мешіт наиб имамы Дәулет Ербатырұлы балаларға жылы лебізін білдіріп, қасиетті аймен құттықтады. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге мерекенің рухани мәні түсіндіріліп, қайырымдылық пен жақсылық жасау дәстүрі жайлы әңгімелесті.
Мешіт ұжымы мұндай іс-шараларды дәстүрлі түрде өткізіп, қоғамдағы аз қамтылған балалар мен отбасыға қолдау көрсетуді жалғастыруда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы