Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешіті қарттар үйінде ауызашар дастарханын ұйымдастырды
«Әл Машани» мешіті қарттар үйінде ауызашар дастарханын ұйымдастырды

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешіті  мейірім айы саналатын Рамазан айының құрметіне қаладағы қарттар үйіне барып, қариялар үшін ауызашар дастарханын жайды.

Жомарт дін жанашырларының демеушідік көмек көрсетуімен өткен шара барысында мешіттің «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты маманы Мирас Ерланұлы қарияларға жылы лебізін білдіріп, Рамазан айымен құттықтады. 

Сонымен қатар, Құран оқылып, ел мен жердің тыныштығы үшін бата жасалды.

Мешіт ұжымы мұндай ізгі шараларды дәстүрлі түрде өткізіп, қоғамдағы егде жастағы азаматтарға қамқорлық көрсетуге ат салысуда.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz