Center Image
IHSAN.KZ
БҮЛДІРШІНДЕРГЕ «РАМАЗАН ӘЛЕМІ» АТТЫ ТӘРБИЕ - ТАНЫМДЫҚ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
БҮЛДІРШІНДЕРГЕ «РАМАЗАН ӘЛЕМІ» АТТЫ ТӘРБИЕ - ТАНЫМДЫҚ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай балаларға арналған «Рамазан әлемі» атты танымдық әрі тәрбиелік кеш өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Рамазан айының мәні мен маңызын түсіндіру, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кеш барысында балалар өнерлерін көрсетіп, тақпақ айтып, ән орындап, қызықты ұлттық ойындарға қатысты. Сонымен қатар «Менің Рамазаным» атты бейнелеу және қолөнер байқауы ұйымдастырылып, жүлделі орын алған балалар бағалы сыйлықпен марапатталды. Барлық қатысқан балаларға арнайы тәттілер де табыс етілді.

«Рамазан әлемі» кеші балалардың рухани білімін арттырып қана қоймай, олардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтуға да ықпал етті. Іс-шара мерекелік көңіл күй сыйлап, жас ұрпаққа ерекше әсер қалдырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz