Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде «Қадір түнінің маңызы» тақырыбында уағыз айтылды
«Төлеутай ата» мешітінде «Қадір түнінің маңызы» тақырыбында уағыз айтылды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің  имамы Рауан Төлеубекұлы мешіт жамағатына «Қадір түнінің маңызы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында қасиетті Қадір түнінің мұсылман қауымы үшін маңызы ерекше екені айтылып, бұл түннің мың айдан да қайырлы екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар жамағатты осы берекелі түнді құлшылықпен өткізіп, дұға жасап, ізгі амалдарды көбейтуге шақырды.

Кездесу барысында Рауан Төлеубекұлы Қадір түнінде жасалған әрбір игі істің сауабы еселеніп жазылатынын айтып, Алладан кешірім сұрап, жүректі тазартып, сауапты амалдарды арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, рухани мазмұнды басқосу жиналған көпшілікке пайдалы насихат болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz