Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «ӘЛ ҒАФФАР» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «ӘЛ ҒАФФАР» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
ҚМДБ -ның Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы  қасиетті рамазан айының қарсаңында «Әл Ғаффар» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.

«Қасиеті Құран- мұсылман жүрегінің көктемі» тақырыбында уағыз айтқан бас имам: «Құран – Жаратушы мен жаратылыстың арасында рухани байланыс орнатып, адам баласын қараңғылықтан жарыққа бастайтын хақ кітап. Ол адамзатқа ақиқат пен жалғанның, адал мен арамның, игілік пен зұлымдықтың ара-жігін айқындап берген кемел нұсқаулық. Сондықтан Құран – мұсылман өмірінің темірқазығы, жүректерге тыныштық сыйлайтын рухани шипа. Мұсылман баласы үшін Құран – тек оқылатын кітап қана емес, ол – өмірдің мәнін ұқтыратын, жүрекке иман нұрын құятын, адамды көркем мінезге тәрбиелейтін ұлы тәрбие мектебі»,- деді.

Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz