Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен “Бір күнде бір мұқтажға көмек” қайырымдылық акциясы аясында зағип жандарға арнайы кітаптар үлестірілді.
Шара барысында көзі көрмейтін жандарға арналған оқулықтар мен пайдалы кітаптар табысталды. Жеткіншектер мен оқырмандар көрсетілген қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, игі іске ұйытқы болған мешіт ұжымына алғыстарын жеткізді.
Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, оларға рухани әрі білім алуына мүмкіндік жасау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы